19 Қаңтар, 14:53 811 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Павлодарда 16 қабатты үйден құлаған бойжеткен көз жұмды

Павлодарда 16 қабатты үйден құлаған қыз бала қайтыс болды. Бұл туралы Pavlodartoday.com  хабарлады. 

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қайтыс болған қыздың жасы шамамен 18-де екенін айтады. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Жедел жәрдемді оқиға орнына бұрын жеткен полицейлер шақырған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қаланың орталығында орналасқан көп қабатты үйдің қай қабатынан құлағаны белгісіз. Үй академик Шокин атындағы көшеде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар