19 Қаңтар, 09:03 1049 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

WBC: Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік ондығына кірді

Бүкіләлемдік бок кеңесі (WBC) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялалады. 

Қазақпараттың хабарлауынша, жаңартылған рейтинг бойынша Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) үздік он боксшының қатарына кіріп отыр. Бұл рейтингте бұрын 13-ші орында болған Жәнібек көрсеткішін едәуір жақсартып, оныншы орынға табан тіреді.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қарашада Калифорния штатының Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберта Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын сәтті қорғады. «Қазақ бокс стилі» көктемде рингке қайта оралмақ.

 

Соңғы жаңалықтар