18 Қаңтар, 20:52 432 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Биопринтер – адам ағзасын басып шығаратын кімдер?

Сурет дереккөзден алынды
Сурет дереккөзден алынды

Жаңа тех­ноло­гия­ның игілігін адам өмірі мен денсаулы­ғын сақ­тау­ға пайдалану соң­ғы жыл­дары қарқын алып келеді, – деп жазды aikyn.kz.

Әңгіме – ме­ди­цинадағы 3D  техно­ло­гия төңірегінде бо­лып тұр. Әдетте, 3D принт пен биоп­рин­тинг ұқсас болып келеді. Тек жалғыз айыр­машылық бар. Стандартты 3D принтерде темір, керамика, пластмасса, резеңке және тағы басқа материал пайдаланылса, био­принтингтің «сиясы» басқа зат­тар. Биопринтерлер био­ма­те­риал­дарды, тірі жасушаларды қолданады.

Алғаш рет 1999 жылы қолданылған биопринтерлер арқылы осы күнге дейін талай дүние жасалды. Қазір медицинада биопринтинг арқылы адамның терісін, сүйегін, құлағы мен мұр­­нын, имплантанттарды, қан тамыр­­лары мен жасушаларды жа­сап жатқан орталықтар бар. Одан бөлек, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдық жасау да қиын емес.

Мәселен, австралиялық ға­­лымдар операциядан соң   адам де­несінде ешбір тыртық қал­дыр­­майтын, кесілген жерді «жа­мап» беретін, көлемі қаламдай ғана био­принтер ойлап тапты. Одан бөлек, биопринтермен жүрек, бүй­рек, бауыр тәрізді ағза­лар­ды жасап жатқандар да бар. Дегенмен биопринтер арқылы жасал­­ған күрделі ағзалар адамға еш­қашан салынған жоқ.

Био­принтерден шыққан кей­бір ағзаларды бойына қондыр­ған азаматтар да аз емес. Мәсе­лен, америкалық Люк Масела есімді азамат 2001 жылы қуы­ғын ауыстырды. Ғалымдар Люк­тің қуығынан 100 жасуша алып, биопринтер арқылы екі айда жасу­ша санын 1 млрд-қа жеткіз­ген. Әрі процесс барысында атал­ған жасу­ша­лар жаңа қуық «жасап» шық­қан. Сөйтіп, трансплан­то­ло­гия кезінде жаңа ағзаны Люктің денесі жатсынбады. Қазір аталған азамат тәп-тәуір тұрмыс кешіп жатыр.

Адамның өзінен жасуша алып, оны 3D биопринтер арқы­лы өсіріп, белгілі бір ағза жа­сау трансплантологтарға үміт сый­лайды. Өйткені адамның өз жасу­ша­сынан жасалған «затты» ағза жатсынбайды. Мұндайда сырқат адам өзіне-өзі донор болады. Дерті бар адамның ағзасынан алынған жасуша арқылы биопринтерден бүйрек пен бауыр, жүрек тәрізді қажет ағзаны жасап береді. Ал мұны адамның өз ағзасы кері теп­пейді. Ал дәстүрлі трансплан­то­логияда донор беретін ағзаның сырқат адамның «бойына бітуі» қиын іс.

Донор табылғанның өзінде ағзаның сәйкесуі, тіпті оны дерті бар адам денесінің қабылдауы тәрізді сансыз мәселе бар. Биопринтер арқылы ағза жасау­да мұндай проблема жоқ. Бірақ бүйрек, жүрек, бауыр тәрізді ағзалардың құрылымы тым күрделі болғандықтан, әзірге биопринтер арқылы жасалған «затты» адам бойына салу дерегі тіркелген жоқ. Тәжірибе кезінде көбіне тышқан мен егеуқұйрық ағзаларынан жасуша алынып келді. Дегенмен израильдік ғалымдар былтыр адам жасушасы арқылы биопринтермен шағын жүрек «өсіріп» алған. Бірақ оны сынап көруге тәуекел ете алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар