18 Қаңтар, 16:22 357 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Абай туралы фильм – конкурс қаңтардың соңына дейін жалғасады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

«Ұлттық кино­ны қолдау орта­лығы» фильмді тү­сіруге байла­ныс­­ты арнайы кон­­курс бастап кет­­ті. Конкурс 31 қаң­­тарға дейін жал­­­ғасады. Оған дейін режиссер­лер­ге өз жоба­ла­рын ұсынуға мүм­кін­д­ік бар.

«Ұлттық киноны қол­дау орталығы» деректі және көркем фильм түсі­ру­ге дайындық үстінде. Сол үшін арнайы конкурс та ұйым­дастырып отыр. Ұйым­­дастырушылардың айтуын­ша, қаңтар айы­ның соңына дейін ұсы­ныл­­ған барлық жо­ба­ларды са­рап­­­­тама­лық ке­ңес қа­рап, қоры­­тын­­дысын ведо­м­ство­ара­лық комис­сия­ға жі­бер­мек. Қандай жоба таң­дап алы­натынын, қай режиссер түсіретінін ко­мис­сия бекі­теді.

Әзірге конкурсқа қаты­­су­ға алты өтініш түс­кен. Оның арасында опе­ра­лық фи­льм, екі тарихи мело­дра­­ма, 30 сериялы де­рек­ті фильм, 15 сериялы қысқа мет­­­ражды фильм және бір то­­лық метражды фильм бар.

«Әлі де қосымша өті­нім­­дерді күтеміз. Қаңтар­дың соңына дейін бұдан да көп ұсыныстар болады деген ойдамыз», – дейді «Ұлт­­­тық киноны қолдау орта­­­лығы» ҰАҚ басқарма төра­­ғасының орынбасары Олжабай Мұсабеков.

Соңғы жаңалықтар