17 Қаңтар, 15:04 544 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Алматы 389-орында: Әлемнің ең қымбат қалалары анықталды

HONG KONG - 2013/10/17: A skyline view of the skyscrapers and the river that runs through the city during the night. (Photo by Jonas Gratzer/LightRocket via Getty Images)
HONG KONG - 2013/10/17: A skyline view of the skyscrapers and the river that runs through the city during the night. (Photo by Jonas Gratzer/LightRocket via Getty Images)

Numbeo статистикалық ресурсы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингін жариялады.

РИА Новостидің хабарлауынша, өмір сүру индексі жоғары шаһарлардың көшін Швейцарияның Цюрих қаласы бастап тұр.

Қымбат қалалар тізімінде алғашқы бестікті Швейцария қалалары өзара бөліскен. Цюрихтан кейін Базель, Лозанна, Женева және Берн қалалары жайғасқан.

Норвегияның Ставангер, Осло және Тронхейм қалалары, Исландияның Рейкъявик және Норвегияның тағы бір алғашқы ондыққа енді.

Ал  Нұр-Сұлтан қаласы тізімнің 386-қатарынан көрінсе, Алматы  389-орында.

Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, өмір сүру индексі дүкендер мен мейрамханалардағы, қоғамдық көліктегі бағалармен, коммуналдық қызмет шығындарымен өлшенген.  Жергілікті тұрғындардың сатып алу қабілеті де есепке алынған.

Соңғы жаңалықтар