17 Қаңтар 2020, 12:09 1523 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Путин Ресейдің жаңа премьер-министрін тағайындады

Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин елдің жаңа прьемер-министрі болып тағайындалды.

Ал 15 қаңтарда оставкаға кеткен премьер Дмитрий Медведев Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілген Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Ресей Мемлекеттік думасы Мишустиннің кандидатурасын 16 қаңтар күні мақұлдаған.

Жаңа премьер-министрді қолдап 383 депутат дауыс берсе, 41 депутат қалыс қалған. Қарсы болғандар жоқ.

Дума төрағасы Вячеслав Володин бұндай Ресей тарихында бірінші рет тіркелгенін, осыған дейін үкімет басшысының кандидатурасына қарсы дауыс бергендер болғанын айтты.

Ал Ресей коммунистік партиясынан сайланған депутаттар қалыс қалды. Қалғандары қолдаған.

Өз кезегінде депутаттар алдында сөз сөйлеген Михаил Мишустин Путиннің жолдауында берген уәделерін орындауға көмектесетінін мәлімеген.

Тэгтер Ресей Үкімет

Соңғы жаңалықтар