17 Қаңтар 2020, 11:48 1113 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Ақтауда мүгедек қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине шықты

Белгілі ақтаулық хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Азамат Сәрсенбаев есімді қолданушы жазды. 

Оның айтуынша, 15 қаңтар күні кешке Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында дәрігер Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүгедек қызға шұғыл түрде ота жасап, науқастың өмірін аман сақтап қалған.

Сәрсенбаевтың жазуынша, 14 жастағы науқас балалар ауруханасына ішінің қатты ауыратынына шағым айтып, ауыр жағдайда түскен. Дәрігер ішкі ағзасына рентген жасағаннан кейін бөтен затты тапқан.

"Отарғазиевтың шұғыл араласуының арқасында ота жасау барысында қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине сәтті алынды. Ота жасалғаннан кейінгі кезеңде асқыну болған жоқ. Дәрігердің айтуынша, бала қанағаттанарлық жағдайда", - дейді Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар