16 Қаңтар 2020, 12:56 22008 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Мемлекет басшысы жаңа кадрлық тағайындау жасады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар