16 Қаңтар, 12:23 634 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

"Әлемнің үздік мұғалімі" атанған ақтаулық мұғалім Англияда білім алу грантынан бас тартты

25 жастағы ақтаулық мұғалім Жігер Телеуханов Лондонда өткен байқауда "Әлемнің үздік мұғалімі" атанды. Англияда білім алу алу грантын жеңіп алған жас ұстаз бұл мүмкіндіктен бас тартып, елге қызмет етуге бел буған. Бұл туралы "Маңғыстау" телеарнасы хабарлады. 

Жас педагог Англияда өткен ұстаздар арасындағы халықаралық байқау  қатысып, "Химия пәнінен әлемнің үздік мұғалімі" құрметті атағын жеңіп алған. Аталмыш конкурсқа әлемнің 100-ден аса ұстаздарды қатысыпты.

Сайыстың жеңімпазына Англияда тегін магистрлік білім алу сертификаты табысталған. Алайда Жігер Телеуханов гранттан бас тартып, елге қызмет етуді жөн деп тапқан.

"Біздің борышымыз бар. Әлихан Бөкейханов атамыз, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбаев сияқты ұлы біздің зиялыларымыз өз заманында жастардың білімін ашу керек деп өздерін пида еткен болса, біз олардың жанында ешқандай қызмет атқарған болып саналмаймыз. Дәл солардың жолын қуатын тек қана қазақтың қарапайым қара домалақ баласының біріміз ғой", - деді педагог.

Жігер Телеуханов жеті тілде еркін сөйлейді. Ол Қазақ ұлттық университетінде оқып, білімін Англия мен Францияда жалғастырған. Бүгінде жас ұстаз оқушыларын химия пәнінен республикалық олимпиадаға дайындау үстінде. Телеуханов шәкірттерінің алтыннан алқа тағынатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар