15 Қаңтар, 20:25 330 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Көкшетау тұрғындары апатты жағдайдағы үйден неге көшпей отыр?

Көкшетауда жүздеген адам бір сәтте үйінді астында қалуы мүмкін. Өйткені олар тұрып жатқан үйдің астында алып шұңқыр пайда болған.

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, 90 пәтерлі тұрғын үй осыдан 30 жыл бұрын апатты деп танылып, жергілікті билік 90 отбасыға көшуді бұйырған.Тұрғындарда "баспанадан айырылып қаламыз" деген үрей бар. Өйткені әкімдік баспана орнына жалдамалы пәтер бермек. Ал заң бойынша мұндай пәтерді жекешелендіруге, сатуға немесе мұрагерліккке қалдыруға болмайды.

Жергілікті әкімшілік үйдің жағдайын жеті жыл бұрын тағы бір таразылап, нәтижесінде тұруға жарамды деген байлам жасаған. Бірақ, міндетті түрде күрделі жөндеу жүргізу керек деген талап қойылыпты. Сөйтіп, оны көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартуды жоспарлаған. Алайда үй қожайындары бұл ұсыныстан бас тартқан. Себебі, оған төлейтін шығынды қалтасы көтермеген.

Тұрғындар берілетін үйдің шаршы метрін қазірден бастап нақтылауды талап етуде. Шенеуніктер болса, жұрттан мәселенің байыбына бармай жатып байбалам салмауды өтунуде. Себебі, дәл қазір тұрғындарды көшіретін бос үй жоқ.

;feature=emb_logo

Соңғы жаңалықтар