15 Қаңтар, 19:35 940 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

11 млн теңге жымқырған шенеуік 2 жылға сотталды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Оралдағы Желаев ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы-экономика бөлімін басқарушы Г.Хабулова бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке сәйкес, Г.Хабулова 2013-2019 жылдары бухгалтерлік құжатқа аталған мемлекеттік мекеменің шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізген, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Казначейство клиент» ақпараттық жүйесінде өзінің электронды қолтаңбасын пайдалана отырып, карточкалық шотына еңбек демалысы және емдік жәрдемақы түріндегі қаражатты негізсіз аударған. Сөйтіп ол мемлекетке 11 млн 473,149 мың теңге залал келтірген. Залал толықтай өндірілді.

Г.Хабулова Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеусіз екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар