Балаларына алимент төлемеген алматылық 1 жылға сотталды

Балаларына алимент төлемеген алматылық 1 жылға сотталды

Балаларына алимент төлемеген алматылық 1 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты 36 жастағы алматылық Андрей Бахтинге қатысты үкім шығарды.  "Алматы" телеарнасының хабарлауынша, сотталған азамат 2009 жылдан бері бұрынғы әйелі Юлия Бахтинаның екі кәмелетке толмаған баласына 1 тиын да алимент төлемеген. Балалардың үлкені 13 жаста, ал кішісі 11-де. Алимент төлеуден жалтару үшін ол сот орындаушыларынан жасырынып, тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған. 2017 жылы сот шешіміне сәйкес, Бахтин іздеушілер тізіміне алынды. Оның жары Юлия Бахтина 2015 жылдан бастап сотқа беріп келеді, десе де оның арызы қаралмай 9 рет ресми тоқталып отырған. Алайда, жәбірленуші тараптың адвокаты Полина Габдрахманова мен Жетісу аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері борышкердің екі жерде ресми емес жұмыс жасайтынын анықтады.  Нәтижесінде, Алматы қаласының ювеналды соты Бахтинді 139-бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.