Алматыда таңнан бері 1,5 мың жұмысшы қар күреуде

Алматыда таңнан бері 1,5 мың жұмысшы қар күреуде

Алматыда таңнан бері 1,5 мың жұмысшы қар күреуде
ашық дереккөзі
Алматыда кешеден бері толассыз қар жауып жатыр. Бүгін де жауады деген болжам бар. Таңнан бері қалада 596 техника мен 1566 жол жұмысшы қар жинауда. «Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, бұрылыстарға, жолайрықтарға 4 150 тонна материал себілді. Тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан толықтай тазартылып жатыр», – деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар жинауды жіті қадағалайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.