14 Қаңтар, 14:02 572 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Тегін дәрі-дәрмек таратуға 190 миллиард теңге бөлінген – биыл тізімге кімдер қосылды?

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Былтыр тегін дәрі-дәрмек таратуға бөлінген жалпы бюджет 100 миллиард теңгеден асты, бүгінде бұл көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.

Оның сөзінше, биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтілген.

«Дәрі-дәрмекті кеңейту нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап №660 бұйрық бойынша 140 аурулар тобы нозологияға кірді. 2019 жылғы жалпы бюджет 100 миллиард теңгеден асса, қазіргі таңда 190 миллиард теңгеге жетіп отыр», – деді ол.

Сонымен қатар, қосымша дәрінің тізіміне 225 атау кірген.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мұның алдында дәрілер бес жасқа дейінгі балаларға тегін түрде берілсе, енді бұл топ 18 жасқа дейін ұлғайды. Бұл санаттағы адамдарға қосымша 192 дәрі-дәрмек енген. Қазіргі уақытта барлық жүргізілген рәсімдер мен ұсыныстар бойынша 222 миллиард теңгеге дәрі сатып алынды», – деді Б.Шәріп.

Желтоқсаннан бастап қоймаларға 30 миллиард теңгеге жуық дәрі түскен. Оған 800-ден аса дәрінің атауы кіреді. Еліміздегі өңірлерге жалпы наурыз және сәуірдің басына дейін жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар