14 Қаңтар, 13:08 1120 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

БҚО-да кен орындары шетелдіктерді жұмыстан босатуда

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Батыс Қазақстан облысындағы кен орындары шетелдік жұмысшылардан бас тартты.

"Астана" телеарнасының хабарынша, бұл шешімді облыс әкімдігі қабылдаған. Шенеуніктер осылайша жергілікті тұрғындарды көптеп жұмысқа орналастыруға ниетті. Өндірісте істейтін шетелдік электр дәнекерлеушілер мен монтажшыларды жұмыстан босатып, 50-ге жуық жұмыс орнымен қамтуға болады.

– Операторлар тарапы бұл жағдайға түсіністік танытты. Келесі жылы олардың жобаларына қашан және қанша адам тартатынын жоспарлап қойдық. Алдағы 2-3 жылда кен орнын игеруді кеңейтуге болатынын білеміз.  Дайындыққа уақыт кетуі мүмкін. Өңірде жұмыс күші тапшы. Қарашығанақтағы бос жұмыс орындарын толтыру үшін ондаған кадрларды оқытуға тура келеді. Ол үшін жергілікті колледждерде арнайы білім беру орталықтары ашылады, – деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

Ол сондай-ақ қызметкерлердің деңгейі мен құзыретін халықаралық стандарттарға дейін көтеру ниеті бар екенін айтты.

Бұл кәсіби қосымша білім. Яғни, олар кешегі оқушылар емес, колледж бітірген адамдар. Біздің міндетіміз – олардың деңгейін, құзыретін халықаралық стандарттарға дейін көтеру, – деді әкім орынбасары.

Айта кету керек, шетелдік компаниялардағы қазақстандық мамандардың үлесі жыл сайын артып келеді. Әкімдік мәліметінше, 9 жыл ішінде ол 89 пайыздан 94 пайызға өскен. Шетелдіктер саны 5 пайызға қысқарды.

– Былтыр БҚО бойынша 3 361 бірлік квота бөлінген. 2020 жылға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі БҚО бойынша 1 440 бірлік мөлшерінде квота бөлді. Яғни жеңілдік екі есе қысқарды, – дейді БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Азат Ғұсманова.

Қарашығанақта шетелдіктерді жұмыстан шығару шешімі туралы ешқандай түсініктеме бермей отыр. Кәсіпорын мамандары біздің сұратуымызға берілген тек жазбаша жауапта: «Шетелдік жұмысшылар мұнай-газ саласының басқа да жобаларына жұмысқа орналастырылатын болады. Сонымен қатар, КПО жергілікті мамандарды оқытуға жүздеген миллион доллар бөлді», – делінген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары жұмысшылар биліктің назарын аудару үшін ереуілге жиі шықты. Олар шетелдіктерге берілетін жалақы мен еңбек шарттарын талап етті. Бұған дейін еңбек министрі Біржан Нұрымбетов Үкіметке шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын екі есеге қысқартуды және шетелдік қызметкерлері бар кәсіпорындарды жиі тексеруді ұсынды.

;feature=emb_logo

Соңғы жаңалықтар