Бес адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға қамалды

Бес адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға қамалды

Бес адамның өліміне себепкер болған жүргізуші 5 жылға қамалды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жол апатын жасап, 5 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазығұрт аудандық сотының үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жылға көлік тізгіндеу құқығы шектелді. «Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталушы тарапынан сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған 148 816 теңге және жәбірленушілерге материалдық және моральдық шығындар өндірілсін», - деді сотта судья Ильяс Тоғызбаев. Айта кетейік, аталған жол апаты өткен жылдың 16 шілдесінде Алматы-Термез тасжолының 781-шақырымында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 1 адам дене жарақатын алды. Артынша жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды. Сот барысында жүргізуші өзінің кінәсін мойындамағанымен, сот оны ақтау туралы ұсынысты қанағаттандырусыз қалдырды. Ал, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.