Тегеранда жаппай наразылық акциялары басталды

Тегеранда жаппай наразылық акциялары басталды

Тегеранда жаппай наразылық акциялары басталды
ашық дереккөзі

Иранда украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты елде үкіметке  наразылық акциялары басталды. 

"Настоящее время" хабарлауынша, наразылық шаралары Ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) жолаушылар лайнеріне оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті толық өзіне алғаннан кейін басталған.  Негізінен студенттерден құралған жүздеген адам Тегерандағы бірнеше университет ғимаратының алдында апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды. Олар ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлілерді жазалауды және қызметінен босатуды талап етті.  Кейіннен наразылық білдірушілер Ислам революциясы корпусы мен Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеиді сынап, ұрандата бастады.