Тель-Авив әуежайында Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы отқа оранды

Тель-Авив әуежайында Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы отқа оранды

Тель-Авив әуежайында Boeing 737 ұшағының қозғалтқышы отқа оранды
ашық дереккөзі
Израиль астанасындағы әуежайда Rwanda Air әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағының қозғалтқышынан өрт шықты, деп хабарлады sputniknews.kz. «Решет-бет» радиостанциясының хабарлауынша, қозғалтқыш 8 қаңтар, сәрсенбіге қараған түні тұтанған. Boeing 737 Бен-Гурион әуежайынан Руанда астанасы Кигалиге ұшпақ болған. Лайнердің қозғалтқышы техникалық ақаудың салдарынан өртенген. Ұшақ бортында 100-ден астам жолаушы болған. Жолаушылардың барлығы Израиль азаматтары. Олар шұғыл түрде ұшақтан түсіріліп, терминалға қайта оралған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.