Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында «Украина халықаралық әуежолы» компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Айта кетейік, бүгін «Украина халықаралық әуежолы» компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 177 жолаушы болған.