8 Қаңтар 2020, 15:35 875 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

"Нұрлы жер" бағдарламасы 2020-2025 жылдарға дейін созылды

"Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы 2020-2025 жылдарға дейін созылды. Бұл туралы  ҚР президентінің Қоғамдық қабылдауының Telegram-арнасында хабарланды. 

Азаматтардың белгілі бір санаттарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету - Қазақстандағы көкейтесті мәселелердің бірі. Осыған байланысты, "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы 2020-2025 жылдарға дейін созылды.

"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асыру" міндеттемесінің бірінші мақсаты халықтың кірістеріне қарай қолжетімді баспана сатысын қалыптастыру болып табылады. Отбасының әрбір мүшесіне кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен (29,7 мың теңге) жоғары кезекте тұрған азаматтарға баспана әріқарай сатып алу құқынсыз жалға беріледі (жетім балалар, 1, 2 топ мүгедектері, зейнеткерлер және т.б.).

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бұрынғыдай әр отбасы мүшесіне кірісі екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес (59,4 мың теңге) кезекте тұрған (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек баласы бар отбасылар) азаматтар үшін қолжетімді болады.

Кірісі 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі кезекте тұрған азаматтар (әскери қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер) әкімдіктердің несиеге берілетін баспанасын "5-20-25" бағдарламасы бойынша иелене алады. Кірісі 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтар "7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана несиесін рәсімдей алады.

Ал кірісі 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтар бастапқы және екінші нарықтағы баспананы рәсімдеу үшін "Баспана-хит", ҚИК "Орда", ҚТҚЖБ-дан "Өз үйім" сынды өнімдерді пайдалана алады.

Баспанамен қамтамасыз ету үдерісін неғұрлым таза ету үшін кезектегі азаматтардың Бірыңғай республикалық базасы жасалады. Бұл база мәліметтері мемлекеттік қолдаудың қажет ететін азаматтарға көрсетілуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Соңғы жаңалықтар