Желіде Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы пайда болды

Желіде Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы пайда болды

Желіде Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы пайда болды
ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың құлау сәтінен видео пайда болды. 

Ғаламтор қолданушылары әлеуметтік желілерде украиналық әуе кемесінің құлау сәтінен видео жариялай бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 180 жолаушы болған. Әуе апатының Иран аймағында болғаны хабарланды.

Ролик кадрларында ұшақтың биіктікті жоғалтқаны байқалады. Осы кезде борт өртке оранған.

Ұшақ Имам Хомейни атындағы Тегеран әуежайына жақын жерде апатқа ұшараған.

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі техникалық себептердің салдарынан апатқа ұшыраған. Қайғылы жағдай ұшақ ұшқаннан кейін бірден орын алған.

Сондай-ақ желіде радарға түсірілген жазбалар жарияланды. Онда ұшақтың 8000 футқа дейін биіктікке көтерілгені, аз ғана ұшып, күтпеген жерден жоғалып кеткені көрінеді.

Жазба авторы лайнердің жоғалып кетуін "таза спекуляция" деп атаған.