180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Иранда апатқа ұшырады

180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Иранда апатқа ұшырады

180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Иранда апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Украиналық әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Иранда апатқа ұшырады, деп хабарлайды IRNA.  Ұшақ Тегераннан Киевке ұшып бара жатқан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Мойтаб Халедидің айтуынша, бортта 180 жолаушы болған. Әуе кемесі өртке оранған. Әзірге ұшақтың не себептен апатқа ұшырағаны белгісіз. Техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін деген нұсқа айтылуда.