7 Қаңтар 2020, 09:03 852 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қымбатты қазақстандықтар!

Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!" , - деді Мемлекет басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар