6 Қаңтар 2020, 09:28 1036 0 Экология Анар ЛЕПЕСОВА

Демалыс күндері Бурабай мен Зерендіге 6 мыңға жуық адам барды

6 мыңға жуық адам Жаңажылдық демалысты Бурабай мен Зеренді курортты аймақтарында өткізген. 

Туристердің 4 мыңнан астамы Бурабайдағы қонақ үйлерге тоқтаса, 2 мыңға жуығы Зерендінің туристік нысандарын таңдапты. Осылайша, ондағы демалыс орындары 95%-ке дейін толған. «Бұл былтырғымен салыстырғанда 7-10%-ке көп», - дейді мамандар. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, қазір аталған екі курортқа да апаратын жолдар тақтайдай теп-тегіс. Айталық, Щучинск – Зеренді тас жолы жаңадан салынып, 2019 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Одан бөлек, өңірде қысқы туризм де жыл сайын дамып, ойын-сауық түрлері көбейіп келеді, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24».

"Келген туристерге барлық ойын-сауықтырулар дайындалды. Қысқы бар, ішіндегі ойын-сауықтырулар, осы курорттың дайындаған өздерінің бағдарламалары болды. Аяз атасы, шыршасы. Балаларға да бөлек бағдарлама әзірленді. Зеренді енді Бурабайға қарағанда бағасымен төмендеу болғаннан кейін кішкене көбірек келгені сол ғой", - дейді облыстық туристік-ақпараттық орталығының жетекшісі  Ерлан Мүсіпов.

Соңғы жаңалықтар