WBA рейтингі жаңарды – тізімде 2 қазақстандық бар

WBA рейтингі жаңарды – тізімде 2 қазақстандық бар

WBA рейтингі жаңарды – тізімде 2 қазақстандық бар
ашық дереккөзі
Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін WBA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды, – деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстан кәсіби бокс федерациясының мәліметінше, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) 31 желтоқсанда өз рейтингін жаңартқан. Онда екі қазақстандық бар. Орта салмақтағы екінші орын Айдос Ербосынұлына тиесілі. Ол 21 желтоқсанда венесуэлалық Омар Гарсияны нокаутпен жеңіп, WBA International, WBO Global және WBC Asia титулдарын қорғады. Бұл дивизиондағы оныншы орынға Талдықорғанның тумасы Анатолий Муратов жайғасқан. Германиялық боксшы WBA тізімінде Қазақстан өкілі ретінде көрсетілген. Жартылай орта салмақтағы WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Australasian титулдарының иесі Нұрсұлтан Жаңабаев алтыншы орыннан жетінші орынға сырғыды. Ол желтоқсан айында жарақатына байланысты жекпе-жегін кейінге қалдырған еді.