АҚШ-та шағын ұшақ тұрғын үй аумағына құлады

АҚШ-та шағын ұшақ тұрғын үй аумағына құлады

АҚШ-та шағын ұшақ тұрғын үй аумағына құлады
ашық дереккөзі
Мэриленд қаласының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ тұрғын үйдің ауласында көлік қоятын қалқаға құлаған. Бұл туралы The NY Тimes хабарлады.  Апат салдарынан ұшқыш көз жұмды. «Ұшақ пен автокөлік төбесі жанып кеткен, бірақ өрт жылдам өшірілді», деп хабарлады Принц-Джордж округінің өрт сөндіру және апаттық қызмет өкілі Марк Брейди. Брейди жараланғандар туралы хабарлама болмағанын айтты. Келіп түскен ақпараттар бойынша, ұшақ құлаған уақытта үйде кімнің болғаны түсініксіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.