Bek Air жолаушыларға билет ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтарады

Bek Air жолаушыларға билет ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтарады

Bek Air жолаушыларға билет ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтарады
ашық дереккөзі
31 желтоқсанға дейін сатып алынған "Бек Эйр" әуе компаниясы билеттерінің ақшасы толықтай қайтарылуы тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жолаушылар билеттерді 31 желтоқсанға дейін тапсыру қажет. "Бек Эйр" әуекомпаниясына қатысты орын алған әуе апатына байланысты авиакомпанияның барлық рейстерінің жолаушыларына 2019 жылдың 31 желтоқсанына жоспарланған әуе компаниясының барлық рейстеріне сатып алынған авиабилеттер құны толықтай төленуі керек", - делінген ресми хабарламада. Ведомоствоның мәліметіне сүйенсек, рейстер барлық бағыт бойынша шектелді.