26 Желтоқсан 2019, 19:34 564 0 Технологиялар Анар ЛЕПЕСОВА

Елордалықтар жолақыны бет-әлпетімен төлей алады

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктерде бет-әлпетпен жол ақысын төлеу жобасы іске қосылды. Бұл туралы  "Астана LRT"  хабарлайды.

«FacePay жүйесі жол ақысын жолаушыларға беп-әлпетпен төлеуге мүмкіндік береді. Арнайы жабдықтар екі автобуста орнатылған. FacePay пайдаланушылары бұл автобустарды корпустағы логотиптер арқылы тани алады. Әлемде осындай жоба қоғамдық көлікте алғаш рет жүзеге асырылуда. Бұл сервис арқылы кез-келген жолаушы қоғамдық көлікке кіріп, жол жүру ақысын төлей алады. Қолма-қол ақшасыз төлем болғандықтан, жол жүру құны - 90 теңге», - делінген компания хабарламасында.

Арнайы камералармен жабдықталған автобустарда жүйе адамның бет-әлпетін танып, автоматты түрде қажетті соманы алады. Пайдаланушы жүйе арқылы, сондай-ақ өз банкінің смс-банкингі арқылы төлем туралы хабарлама алатын болады. Бұл жүйенің жүргізуші үшін функционалы да ыңғайлы және автоматты түрде есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйе қолданыс үшін оңай және оның қауіпсіздігі тиісті деңгейде.

Қоғамдық көлікте жол ақысын FacePay арқылы төлеу үшін Тelegram-нан @FacePay_bot бот-бағдарламасын тауып, оған ЖСН-ды тіркеп, суретке түсіру керек және банктік картаны тіркеу қажет.

 

Соңғы жаңалықтар