Қарды уақтылы тазаламаған елордалық 50 компания 1 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Қарды уақтылы тазаламаған елордалық 50 компания 1 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Қарды уақтылы тазаламаған елордалық 50 компания 1 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
Жұмысын немқұрайлы істегендердің ішінде  пәтер иелері коперативтері де бар. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ қыс маусымы басталғалы «Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу» бабы бойынша 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл сомасы 1 миллион 800 мың теңгеге жеткен. Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жұмысшы тартылған. Нәтижесінде барлығы 1 млн текше метрден көп қар шығарылған.