Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингке шыққан 55 адам ұсталды

Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингке шыққан 55 адам ұсталды

Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митингке шыққан 55 адам ұсталды
ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күнінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырған 55 азамат ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. 

 Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, мереке күндері кейбір азаматтар арандатушылыққа ұшырап, заңсыз акцияларға қатысқан.

Ел астанасында ондаған адам Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысына жиналып, заңсыз митинг ұйымдастырса, оңтүстік астанада азаматтар Тәуелсіздік монументінің жанына жиылған.

Жергілікті атқарушы органдардың митингілер өткізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы ескертулеріне қарамастан, жиналғандар Нұр-Сұлтан және Алматы  қаласы көшелеріндегі шеруді жалғастырған.

ІІМ заңсыз митингіге қатысушылар мереке күні демалып жүрген халықтың тыныштығын бұзғанын хабарлады.

Ведомство акцияны тоқтату туралы ескерту мен талапқа қарамастан, азаматтар митингіне жалғастыра бергенін мәлімдеді.

Нәтижесінде оңтүстік астананың тәртіп сақшылары 23 адамды, ал Нұр-Сұлтан полицейлері 32 адамды құрықтады.

Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ал әкімшілік жауапқа тартыла ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Министрлік сайтында жарияланған ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында қазір бұл мәселенің қаралып жатқаны айтылды.