Головкин мен Шеремета қашан жұдырықтасады?

Головкин мен Шеремета қашан жұдырықтасады?

Головкин мен Шеремета қашан жұдырықтасады?
ашық дереккөзі
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета жекпе-жегі наурызда өтеді деп жоспарланып отыр,  деп хабарлайды Ring Polska басылымы KnockOut Promotions компаниясына сілтеме жасап. Қос боксшы арасындағы кездесу алғашында 8 ақпанда, АҚШ-тың Чикаго қаласында өтеді деп жоспарланған еді. Головкин мен Шеремета соңғы жекпе-жектерін 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткізген болатын. Поляк боксшысы андеркартта мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірсе, қазақстандық боксшы украиналық Сергей  Деревянченконы жеңген еді.