15 Желтоқсан 2019, 16:20 876 0 Ішкі саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Алматының атауы өзгере ме?

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа пікір білдірді. 

«Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту керектігін баяғыдан айтып келеді. Алайда, оның Президентпен кездесу барысында бұл мәселені қайта көтеруі – Мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент Алматыны дамытудың маңызды мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді. Ол туралы Президент осы жылдың 29 қазанында қала активімен кездесу кезінде айтқан еді. Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Олжас Сүлейменовтің Президентпен кездескені, кездесуде «Алматының атауын Алма-Ата деп өзгерту бастамасын Президент қолдады» деген сыңайда ақпарат тараған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар