15 Желтоқсан 2019, 15:03 631 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемнің ең сұлу аруы кім?

 23 жастағы Тони-Энн Синг есімді Ямайканың  бойжеткені «Әлем аруы-2019» байқауында жеңіске жетті. 

Ол халықаралық сұлулық байқауларында жеңіске жеткен осымен төртінші ямайкалық ару. «Әлем аруы» Американың Флорида штатында оқиды екен. Ән айтқанды ұнатады. Бірнеше музыкалық аспапта емін-еркін ойнап, балетпен де айналысады.

Ал екінші орында француздық Офели Мезино, үшінші орынға Үндістаннан келген хас сұлу ие болды. Дауыс беруге барлығы 100 миллион адам, ал тікелей эфирді 140 елден 900 миллион көрермен тамашалады. Келер жылы Таиландта халықаралық байқаудың 70-мерейтойы өтпек.

 

Соңғы жаңалықтар