15 Желтоқсан 2019, 11:48 984 0 Мультимедиа Анар ЛЕПЕСОВА

 YouTube-тегі ең танымал бейнебаяндар анықталды

 YouTube видеохостингі 2010 – 2019 жылдар аралығындағы ең танымал бейнеклиптер рейтингін жаcады. 

Рейтингте бірінші орынды Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген бейнебаян алды. Ол видеоплатформаға 2017 жылы жүктеліпті, деп хабарлайды Forbes.

Клип екі жылда 6,5 миллиард рет қаралған.

Екінші орынға Shape of you әніне арналған видеосымен британдық музыкант Эд Ширан ие болды. Оның туындысы 4,5 миллиард рет қаралыпты. Бұған қоса, осы әншінің Thinking out loud деген екінші композициясы чарттың оныншы орнын иеленді.

Үшінші орын See you again бейнебаянымен америкалық рэпер Уиз Халифаға бұйырды. Оның клипі 4,3 миллиард рет қаралған екен.

Сондай-ақ, рейтингке Джастин Бибер, Maroon 5 тобының бейнеклиптері мен корейлік орындаушы Psy-дың баршаға танымал Gangnam Style трегі енді. Gangnam Style 3,4 миллиард рет қаралыпты.

Соңғы жаңалықтар