Депатуттар төбелесіне не себеп болды? (видео)

Депатуттар төбелесіне не себеп болды? (видео)

Депатуттар төбелесіне не себеп болды? (видео)
ашық дереккөзі
Украинаның Жоғарғы Радасында жаппай төбелес болды, – деп хабарлайды «112 Украина» телеарнасы. Оқиға аграрлық саясат парламенттік комитетінің отырысынан кейін болған. Отырыста 2020 қазан ауылшаруашылық жерлерді сатылымға шығару бойынша мараториді алып тастау заң жобасы қаралып, шетелдіктердің сатып алуына тыйым салуды 2024 жылға дейін созу талқыланған. «Слуга народа» атынан шыққан депутат Андрей Богданец пен «Свобода» партиясының бұрынғы депутаттары Игорь Мирошниченко және Эдуард Леоновпен жанжалдасып, төбелескен. Төбелесті Богданец бастаған. Телеарна жариялаған видеода парламент дәлізінде бір топ адамның «Слуга народа» өкіліне соққы жұмсағанын байқауға болады. Сондай-ақ куәгерлер депутаттарды ажыратып әлек. Кейбіреулері жанында тұрып, осы оқиғаны телефон камерасына түсірген. «Слуга народа» партиясының депутаты оқиға салдарынан ауруханаға түскен, оның миы шайқалған болуы мүмкін. Полиция аталған оқиғаға қатысты тергеу шараларын бастады. https://www.youtube.com/watch?v=L09zvmkbfFI& https://www.youtube.com/watch?v=DbTpywb5ECw& aikyn.kz