11 Желтоқсан, 18:13 597 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Әртүрлі сала қызметкерлеріне орта есеппен 80 мың теңгеден сыйақы беріледі

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 2176​ кәсіпорындағы 75 мыңнан аса жұмысшының еңбекақысы жоғарылаған, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Облыс әкімі ірі кәсіпорын директорлары және басқарма басшыларымен кездесу өткізді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы мерекелерде 33 мың адам орта есеппен 80 мың теңгеден сыйақы алады. Жалпы сыйақы қоры 5 млрд теңгені құрап отыр. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жұмысшылардың еңбекақысын қысқартпауды қатаң тапсырды.

"Президенттің тапсырмасын орындау керек, Ақтөбе облысы айтарлықтай өнеркәсіптік әлеуеті бар серпінді дамып келе жатқан өңір. Дегенмен орташа жалақы республикалық деңгейден төмен. Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында айлық мөлшері біздің аймақпен салыстырғанда жоғары. Нәтижесінде бюджетке салық түспей, ал бизнес дамымай отыр. Айналып келгенде бұл жағдайдың барлығы әлеуметтік жағдайға әсер етеді. Сіз еңбек өнімділігін арттырасыз, жаңа технологияларды енгізіп пайда табасыз", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Биыл аймақта 8787 ұжымдық шарттар жасалған. Олардың 14 мемлекеттік мекемелермен, 37 ірі кәсіпорындармен, 148 орта және ірі кәсіпорындар болса,  7120-шағын кәсіпкерлік.

Тэгтер Мереке сыйақы

Соңғы жаңалықтар