11 Желтоқсан, 16:55 446 0 Руханият Анар ЛЕПЕСОВА

Айтыскерлер жемқорлықты жырлады

Ақмола облысында «Менің дауысым – бұхараның өз үні» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған айтыс ҚР Тәуелсіздік күніне және ақын, айтыскер, ҚР Айтыскерлер федерациясының тұңғыш президенті Көкен Шәкеевтің 95-жылдығына арналды. Оған Ардакерей Қап (Нұр-Сұлтан қаласы), Аяулым Жұмабек (Алматы қаласы), Нартай Тілеуқұл (Ақтөбе қаласы), Жұмабек Рахым, Жарқын Жұпархан (Петропавл қаласы), Ерлан Дәулет, Құрмет Құралхан (Ақмола облысы), Тоба Өтепбай (Қостанай қаласы), Нұрислам Әбділ, Думан Самат (Көкшетау қаласы) сияқты жас ақын-импровизаторлар қатысты.

Ақындар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, адамның парасаттылық, әділдік, адамгершілік қасиеттерін, сондай-ақ халық ақыны Көкен Шәкеевтің шығармашылығын жырлады. Жеңімпаздарды Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары, ақын Арман Бердалин, ақын және композитор Иран Тасқара, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Көкен Шәкеевтің оқушысы Құдайберлі Мырзабек, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры, ақын және жазушы Қаратай Төлекеев сияқты қазылар алқасы анықтады. Кешті танымал ақын Мұхаммед Қонқаев жүргізіп отырды.

Айтыстың бас жүлдесі Ерлан Дәулетке берілсе, бірінші және екінші орындарды Нартай Тілеуқұл мен Аяулым Жұмабек өзара бөлісті. Ал үшінші орынға Думан Самат лайық деп танылды. Сонымен қатар, Жұмабек Рахым, Құрмет Құралхан, Ардақерей Қап, Тоба Өтепбай, Нұрислам Әбділ және Жарқын Жұпархан Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар