11 Желтоқсан, 15:44 444 0 Мәдениет Анар ЛЕПЕСОВА

М.Әуезов театры "Қар қызын" сахналайды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықпақ. 12-13 желтоқсан күндері көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесінің желісі бойынша қойылған, режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың  "Қар қызы" спектаклінің премьерасы болады.

Премьера қарсаңында Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы қалалық әкімшілік және театрдың ұйымдастыруымен  Оралхан Бөкейге арналған галлерея және театрдың  "Музей" бөлімінің ұйымдастыруымен "Қар қызы" спектаклінде ойнайтын артистердің галлереясы көрерменге ұсынылады.

Спектакль көрнекті жазушы-драматург О.Бөкейдің "Қар қызы" повесінің желісі бойынша қойылды. Қыс ортасында мал азығы таусылып, трактормен алыстан шөп әкелуге шыққан үш жас жігіт ақ қар, көк мұзды тау арасында жолдан адасады. Айнала аппақ әлем, үскірік аяз. Үсіп өлу қаупі туған кейіпкерлер үшін өмір мен өлімнің арпалысы басталып, олардың шынайы болмыстары да ашыла түседі.Осы бір қиын сапардың басындаолар Қоңқайға, ал, соңында "...Қоңқай зәлім жеңбесін деп Айыртауда отырған.." Сиыршы шалға жолығуы бекер емес. Әлемде жамандық жайлап кетпеуі үшін оған жақсылық қарсы тұрады. Өмірдің ұлы тепе-теңдік заңдарының бірі осы болса керек...

 

 

Соңғы жаңалықтар