10 Желтоқсан, 15:42 705 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

ТОП-10: Еліміздің үздік университеттері анықталды

Биыл білім беру бағдарламалары рейтингінде көш бастаған үздік 10 университет анықталды. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесеп, отандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Бүгін елордада сол рейтингінің нәтижесі жарияланды.

Үздік ондықтық қатарына КИМЭП университет, КАЗГЮУ университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Сүлейман Демирел университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енді.

«Бұл жоғары оқу орындары қатысқан рейтингтерде жақсы орындардан көрінді. 2019 жылдың рейтингінде олардың көшбасшылық үлесі айтарлықтай жоғары болды. Бұл оқу орындарында жыл сайын түлектерді даярлау жақсы деңгейде», - деді Олжас Ордабаев.

 

Соңғы жаңалықтар