Елорданың 5 аумағында мұз қалашықтар бой көтереді

Елорданың 5 аумағында мұз қалашықтар бой көтереді

Елорданың 5 аумағында мұз қалашықтар бой көтереді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында мұз айдыны мен сырғанақтар жасалады, деп хабарлады Елорда Инфо. Байқоңыр ауданындағы мұз қалашықтар «Жастар» сарайының, Кемал Ататүрк атындағы саябақтың алдына, Ақбидай мен Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысына, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен Чехов көшелерінің қиылысына орналасады. Алматы ауданында сырғанақтар мен мұз айдындар «Қазақ елі» монументінің алаңына, «Жерұйық» саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, «Жастар» саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, «Ренессанс» мейрамханасының жанына және Триатлон-паркке орнатылады. Жұртшылыққа арналған сырғанақтар Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданына, Теміржолшылар, Интернационалды және Мичурино тұрғын алабына салу жоспарланып отыр. Ал Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, «Хан Шатыр», «Керуен» сауда ойын сауық орталықтары аумағына, «Жетісу» саябағына, Жағалау шағын ауданына, Жасыл орамына, Үркер мен Пригородный тұрғын алабына салынбақ. Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзеніне, «Астана» спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, «Тамыз» тұрғын үй кешенінің жанына, «Наз» театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете және 187-нші көшелерге салынады.