10 мұғалімге «Qazsaq» стипендиясы табысталды

10 мұғалімге «Qazsaq» стипендиясы табысталды

10 мұғалімге «Qazsaq» стипендиясы табысталды
ашық дереккөзі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  «ІІ Global Teaching Qazsaq» халықаралық форумы өтті. Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан және Түркия елдерінен білім саласының білікті мамандары қатысқан шарада мұғалімнің қоғамдағы рөлі, білім сапасын арттыруда оқушымен, ата-аналармен байланыс мәселелері талқыланды. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" басылымы жазды. 

«Qazsaq Media Group» ұйымдастырған форум барысында он педагогқа «Qazsaq» стипендиясы табысталып, өзге қатысушы ұстаздарға халықаралық диплом және «Үздік педагог» төс белгілері табыс етілді. «II Global Teaching Forum Qazsaq»  жобасын таныстырған жоба редакторы Медина Рей  алдағыжоспар, педагог үшін жобаның пайдасы, қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру, оқытшыларға арналған стипендия, т,б, мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

 Үздіктерді іріктеуге қазылар алқасының құрамында «Nur Otan», «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері қатысты. Жоба шарты бойынша жеңімпаз болып танылған ұстаздар 2020 жылдың мамыр айына дейін «QazsaqMediaGroup» атынан айлық жалақысының 10-15% мөлшерінде қосымша жәрдемақы алып отыратын болады.

Ал форумға қатысушылар арасынан 30 педагог ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Түркияның Ыстамбул қаласында өтетін халықаралық «ІІI Global Teaching Forum Qazsaq» teach-турына іріктелмек.