Қар тазалауға кедергі келтірген көліктер эвакуатормен әкетіледі

Қар тазалауға кедергі келтірген көліктер эвакуатормен әкетіледі

Қар тазалауға кедергі келтірген көліктер эвакуатормен әкетіледі
ашық дереккөзі

Елордада қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірген жол жиегіндегі автокөліктер эвакуатормен тиеліп әкетіледі, деп хабарлады полиция департаменті.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы қардың қалың жауғанына орай автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарап, жол жиегіне көлік қоймауды сұрайды. Қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған автокөліктер эвакуатормен тиеліп әкетіледі, - делінген таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ, полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді.