Балқаш көлінің ортасында қалған балықшылар құтқарылды

Балқаш көлінің ортасында қалған балықшылар құтқарылды

Балқаш көлінің ортасында қалған балықшылар құтқарылды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері сең көшуінің салдарынан Балқаш көлінің ортасында қалған төрт балықшыны құтқарды. «Қоңырау 6 желтоқсан күні сағат 14:07-де түскен. Куәгерлер Ақөлең ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым қашықтықта қалқып жүрген мұздың үстінде төрт адам қалып қойғанын айтқан. Сең жағадан 10 шақырымға ұзап кетіпті. Оқиға орнына Қарағанды облысының ТЖД жедел әрекет тобы аттанды», – делінген ТЖД таратқан алғашқы хабарламада. Сондай-ақ мұз үстіндегі адамдар үнемі байланыста болған. Баспасөз қызметінің соңғы мәлімдемесінде толқынның күшті болғанына қарамастан құтқарушылар балықшыларды тез арада тауып, сағат 17:35-те жағаға жеткізгені туралы айтылған. ТЖД қызметкерлері мұздың әлі толық қатпағанын, оған шығудың қауіпті екенін қатаң ескертеді. Түнгі уақытта және дауылды күндері көл маңында балық, аң аулауға тыйым салынған.