Полиция бөлiмiнiң басшысы парамен ұсталды

Полиция бөлiмiнiң басшысы парамен ұсталды

Полиция бөлiмiнiң басшысы парамен ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция бөлiмiнiң басшысы пара алды деген күдiкке iлiндi, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Баспасөз қызметi. Бөлiм басшысына қатысты сотқа дейiнгi тергеу iсi басталды. "Ол белгiлi бiр азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрi қарай жалпы қамқорлық жасау үшiн 1 миллион теңге көлемде пара алды деген күдiкке iлiндi. Күдiктiнiң өз кiнәсiн мойындауына және күдiктi мен оның қорғаушысының сотқа дейiнгi жеделдетiлген тергеу туралы өтiнiш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ", - делiнген хабарламада.