«Нұрлы Таудағы» төтенше жағдай: куәгерлер не дейді?

«Нұрлы Таудағы» төтенше жағдай: куәгерлер не дейді?

«Нұрлы Таудағы» төтенше жағдай: куәгерлер не дейді?
ашық дереккөзі
Кеше «Нұрлы Тау» бизнес орталығының 12 қабатынан секіріп, мерт болған 48 жастағы азаматты көрген куәгерлер мән-жайды «Астана» арнасының журналистеріне баяндап берді. Олардың айтуынша, байқамасаң, бұл бизнес орталықтағы балкон-терезелердің барлығы қауіпті.  Оның үстіне, ғимаратқа кіріп-шығу ешқандай қиындық тудырмайды. «Жұмысқа келген бетім сол еді. Сыртта айқай-шу бола кетті. Шығып қарасам, орта жастағы ер-азамат жоғарыдан құлап, мерт болған екен», – дейді Темірлан Дүкенбек. Оқиға орын алған уақытта 24 жастағы жас жігіт осы маңдағы кафелердің бірінде жұмысына кірісіп жатқан. Куәгер біраз уақытқа дейін шу басылмағанын айтады. Қала тұрғыны Әлішер Батырғалиев: «Күзет жүйесі дұрыс құрылмаған. Мәселен, кіреберісте бақылау камералары жоқ. Кез келген адам күзеттегі кезекшіге аты-жөнін айтып-ақ, ғимаратқа кіре алады. Балконға шығу тіпті оңай, бәрі ашық жатады», – деген пікірде. Куәгерлердің ойынша, марқұм бұл орынды алдын-ала қарап, белгілеп алған. Естеріңізге салайық, 5 желтоқсан күні таңертең белгісіз бір азамат «Нұрлы Тау» бизнес орталығының 12 қабатынан секіріп, жедел-жәрдем келгенше көз жұмды. Марқұмның жеке деректері мен оқиғаның  мән-жайы анықталуда.