Шаш бояу қатерлі ісік қаупін арттырады

Шаш бояу қатерлі ісік қаупін арттырады

Шаш бояу қатерлі ісік қаупін арттырады
ашық дереккөзі
 width= Америкалық ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін алдын алу үшін химиялық заттардан аулақ болуға кеңес береді. Өйткені шаш бояу, оны химиялық жолмен түзету сүт безі қатерлі ісігі қаупін арттырады. АҚШ сарапшыларының бұл зерттеу қорытындысы International Journal of Cancer журналында жарияланғанын жазды РИА Новости. Шетелдік мамандар 49 709 әйелдің денсаулығына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде шаш бояйтын әйелдердің сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі шашын боямайтын әйелдерден 9 пайызға көп екені анықталған. Бұл орайда ғалымдар құрамында канцерогендер мен эндокрин жүйесін бұзатын химиялық қоспалар бар бояулар жайлы айтуда. Шаш түсін уақытша өзгертетін бояулардың ешқандай қаупі жоқ. Сондай-ақ, шашты химиялық жолмен түзулеу де сүт безі қатерлі ісігін арттырады. Зерттеу қорытындысына сай, мұндай әдісті 5-6 апта қолданған әйелдердің онкологиялық ауруларға шалдығу көрсеткіші 30 пайызға көп болып шыққан.