Алматыдағы «Нұрлы тау» тұрғын үй кешенінде оқыс оқиға болды. «Нұрлы тау» бизнес орталығындағы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы: «Қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылы туған. Ол шамамен бизнес орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен», – делінген ресми хабарламада. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Жүктелуде...