5 Желтоқсан, 16:41 373 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Криштиану мен GGG кездесті

Sports.kz-тің жазуынша, данқты футболш ы Криштиану Роналду әлем чемпионы Геннадий Головкинмен бірге жаңа жобаға қатысып жатыр.

Криштиану Роналду инстаграм парақшасында Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарына қатысып жатқанын жазды.

Геннадий Головкин инстаграмдағы парақшасында: «Досым Криштиану Роналдумен Туринде күнім керемет өтті. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», – деп жазды. Ал Криштиану Роналду «DAZN-ға арналған жаңа жобада жан досыммен бірге жұмыс істеп жатырмын. Жүздескеніме қуаныштымын, GGG», – дейді.

Роналду Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG футболшыға бокс қолғабын табыстады.

Сурет Геннадий Головкиннің инстаграм парақшасынан

Соңғы жаңалықтар