5 Желтоқсан, 08:24 395 0 Нұр Отан Túrkistan Gazeti

Отандық кинематография мәселесі

Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. «Қазіргі отандық кинема­тог­рафия саласындағы өзекті мәселелер»  тақырыбында өткен отырыс­та кеңес мүшелері қазіргі киноиндустрияның дамуы мен кем­­шілігі, отандық фильмдердің прокатқа шығуы, кинотеатрларда көр­сетілуі, дубляж мәселесі сияқты ауқымды проблемалар талқыланды.

Жиында «Мирас» республикалық қо­ғамдық кеңесінің төрағасы, Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеу­ханның кіріспе сөзімен ашылды. Талқы кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, бло­гер Өркен Кенжебек, «Болашақ» кор­поративтік қорының директоры Динара Шайжүнісова, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұл­танов, публицист Алдан Смайыл, қо­ғам қайраткері Оразкүл Асанға­зықызы, «Qazaqstan» РТРК» АҚ таңғы бағдарламалар дирекциясының же­текшісі, тележүргізуші, TV продюсер Әйгерім Есеналиева баяндама жасап, кинематография саласындағы мәселелерді атап көрсетті. Спикерлер субтитрлік мәтіндердегі грам­мати­калық қателерді,  аударманың дұрыс берілмеуі сияқты олқылықтарды ашынып айтты.

Қазақстан киноөнеркәсібінде фильм жарнамасының өте нашар да­мығаны тілге тиек болды. Жиынға қа­тысқан режиссерлер мен кино­тану­шылар тарапынан «Фильм шық­қанға дейін жұрт билбордтарды, тір­кемелерді, клиптерді және т.б. көруі керек. Жарнамалау кинотеатр­дың ақысына әсер етеді. Әлемде ки­ноны ілгерілету үшін олар фильм шығаруға тең пропорцияда бюджет салатыны бұрыннан қалыптасқан тәжірибе. Заңдық норма аясында осы мәселені де қарастыру керек» деген сыңайдағы ұсыныстар білдірілді. Еске сала кетейік, 2019 жылдың 3 қаң­тарында «Кинематография тура­лы» және «Қазақстан Республи­касы­ның кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республика­сы­ның заңдары қабылданған бола­тын. Аталған заң шеңберінде фильм­дер­дің құқық иеленушілерін және прокаттау компанияларын, яғни ұлттық фильмдерді прокаттау кезін­дегі кинотеатрларды корпоративтік табыс салығынан босату нормасы қарастырылған.

2019 жылғы 15 наурызда  «Ұлттық ки­ноны қолдау мемлекеттік орталы­ғы» КЕАҚ құрылған. Орталық ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті кино­жобалар мен ұлттық фильмдер­ге мем­лекеттік қаржылық қолдау ұсыну­дың және кинематография са­ла­сындағы субсидияларды төлеудің бірыңғай операторы. Жиын соңында «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері ұлттық фильм­дер­ді түсіру үшін тарихи оқиғалар мен тұлғалардың тізімдерін даярлау мә­селесін қолдады.

 

Елдос НҮСІПҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар