«Күлше қыз» балетінің премьерасы

«Күлше қыз» балетінің премьерасы

«Күлше қыз» балетінің премьерасы
ашық дереккөзі
 width= "Астана Балет" театрында желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері Шарль Перроның осы аттас ертегісінің желісімен, дарынды хореограф Надежда Калинина қойған екі көріністі "Күлше қыз" балетінің тұсауы кесілмек. Елімізде бұл ертегі балет сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Сергей Прокофьевтың ғажайып музыкасын қоюшы-дирижер Арман Оразғалиев басқаратын оркестр орындап шығады. Декорация мен костюм суретшісі – танымал сценограф Сергей Новиков. Премьераға дайындық екі ай бұрын басталған. Хореограф Надежда Калининаның айтуынша, "Күлше қыз" – шығармашылық жолындағы ең күрделі жобаларының бірі. – Бұл алғаш қойылып жатқан дүние. Хореография, декорация, костюмдер, бейне контент – бәрі жаңадан жасалып, "Астана Балет" үшін арнайы дайындап жатырмыз. Мақсатымыз – отбасыңызбен бірге көретін, заманауи стильдегі, тартымды кейіпкерлері көп, жарқын қойылым жасау. Балетте комедия жанры мүлдем сирек қолданылады, өйткені, сахнада тентектің кейіпін сомдау, күлдіре білу оңай дүние емес. Ол үшін белгілі бір деңгейде ішкі бостандық қажет, – дейді балетмейстер. Қойылым желтоқсанның 20, 21, 22 күндері, сағат 18:00 басталады. Премьера билеттері бір ай бұрын сатылып кеткен.